Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Табантал орта мектебі
I.1. Мектеп туралы ақпараттық анықтама
Мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы, Табантал ауылы, Табантал көшесі №2
телефон/факс:
8 /71359/–42920
8 /71359/–42920
Электронды почта:tabantal-mektep@mail.ru
Табантал орта мектебі 1970 жылы салынды. Табантал орта мектебі Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылында орналасқан.
Мектеп салынған жылдан 2 000жылға дейін Мағаджан орта мектебі деп аталды. 2000жылдан бері Табантал орта мектебі деп атауы өзгерді.
1970 жылы ғимарат блоктан қаланып,тапсырылды. 2010 жылы мектептің сыртқы (крыша) жапқышы профлистпен қапталды.2014 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтіп,терезе,есік,жылу жүйесі алмастырылды.2015жылдан бастап мектеп газбен жылытылуда. 2016-2017 оқу жылы 10 оқу кабинеті, 2 зертхана, 1 кітапхана, психолог кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, лицензияланған медициналық кабинет, талапқа сай дайындалған 15 орындықты буфет, шеберхана және мектеп аумағында кіші спорт алаңы бар.
Оның ішінде: модификацияланған химия, физика кабинеттері, 1 информатика кабинеті, бастауыш кластарға арналған кабинет,орыс тілі,қазақ тілі, тарих, АӘД, өзін-өзі тану, спорт зал,акт залы жұмыс жасайды. Интернет желісі спутник аппараты арқылы қосылған. Жылдамдығы - 256 Кбит/с.
Мектеп құрамы: қазақ, орыс ұлтты.
Класс саны-11,класс-комплект-10 мектеп шағын жинақты .
Барлық оқушы саны |
1-4 класс оқушы саны |
5-9 класс оқушы саны |
10-11 класс оқушы саны |
107 |
51 |
40 |
16 |
2. Күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі.
2014 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтті.
3. Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі:
2015-2016 оқу жылы 11 оқу кабинеті, 1 зертхана, 1 кітапхана, психолог кабинеті, мұғалімдер бөлмесі, лицензияланған медициналық кабинет, талапқа сай дайындалған 15 орындықты буфет, шеберхана және мектеп аумағында кіші футбол алаңы бар.
Жаңа модификациялық кабинеттер:
Физика кабинеті |
Химия кабинеті |
1 |
1 |
4. Оқу процесінің ұйымдастырылуы
Оқушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минситрлігі бекіткен бағдарламаға сай дәріс алып жатыр. Табантал орта мектебі жаңа оқу жылы басында жалпы оқумен қамту мақсатында құрылған жоспар бойынша жұмыстар атқарып жатыр.
6. Педагогикалық кадрлармен қамтылуы:
Табантал орта мектебінде 2016-2017оқу жылында 22 мұғалім өз жұмысын бастады, оның
жоғары білімді – 17,
арнаулы орта білімді – 5,
орта білімді – 0.
Санаты бойынша:
жоғары санатты – 0,
бірінші санатты – 6,
екінші санатты – 6,
санаты жоқ – 10.
Мектепте 101 оқушы, оның 21-і интернат тәрбиеленушілері. Мектепте 11 класс, 10 класс-комплект бар.
6. Іс-тәжірибе таратылуы, баспа әрекеті
Соңғы үш жылда облыстық, аудандық семинар, конференция, курс аясында мектеп мұғалімдері өз іс тәжірибесімен алмасып, панорамалық сабақ, сыныптан тыс жұмыстар мен сабақ үлгілерін көрсетті.
2015-2016 оқу жылында математика пәнінің мұғалімі Л.А.Аділгерееваның «Сапалы білім беру жағдайындағы оқыту тәжірбиесі» арналған әдістемелік құралы жарыққа шықты.
Биылғы оқу жылында 5 мұғалім «Ақтөбе ұстазы» газетіне сабақтарын жариялады..
Сондай-ақ мұғалімдеріміз «Білімділер.kz», «Инфоурок», “Ped.kz” «ustaz.kz», «45 минут. kz» сайттарында ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын, тест жинақтарын жариялап, үздік презентация бәйгесіне қатысып, сертификаттарға ие болды.
Биылғы 2016-2017 оқу жылында 5мұғалім біліктілігін көтеру жоспарында тұр.
Деңгейлік курс өткен мұғалімдердің сапалы құрамы
Қазақстан Республикасы педагог кадрларын біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші , үшінші деңгей бағдарламалары бойынша барлығы 5 мұғалім білімін жетілдірді. Ол 23 пайызды құрайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша мектеп директоры курсты аяқтап,сертификатталды.
І деңгей – 1 мұғалім
ІІІ деңгей – 4 мұғалім
Биылғы оқу жылында енгізіліп отырған ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бойынша курстан 7 мұғалім өтті. Ол 32 пайызды құрайды.
«Табантал орта мектебінің» КММ-нің директоры туралы мәлімет
Калиев Аскар Садуакасович 1968 жылы
27 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Табантал ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Мағаджан орта мектебін бітіріп,сол жылы
Ақтөбе педагогикалық институтына түсіп, орыс тілі және әдебиеті факультетін тәмәмдаған. Еңбек жолын өзінің бітірген Мағаджан,қазіргі Табантал орта мектебінен бастады.1991жылы еңбек пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 1994 жылдан бастап осы мектепте директор қызметін атқарып келе жатыр.Жәнеде төмендегідей марапаттарға ие болды.
-10жыл Астана меделімен наградталды.
-2015,2016 жылдары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.