№1 Хромтау орта мектебі

 

         Тасбулатова Талма Сапарқызы

 

 1957 жылы 18 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шахта ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Шынғырлау ауданы Лубин орта мектебін бітірген. 1979 Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған. Еңбек жолын Орал облысының  есеп центрінің басшысы болып бастаған.  2008 жылдан бастап «Хромтау-Тазалық» КМК-нің  директоры болып тағайындалды. Талма Сапарқызының сыйлаған сыйлығы  мектеп ұжымы үшін үлкен қуаныш сыйлады.

 

         Бекмуханова Раушан Шаменқызы

 

1962 жылы 9 қаңтарда  Талдықорған облысы Текелі қаласында дүниеге келген.1979 жылы Текелі орта мектебін бітірген. 1984 ж Алматыдағы  Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмәмдаған. Ең    бек жолын Өскемендегі «Свинецшахтастрой» трестінде учаскілік маркшейдер болып бастаған. 1986 жылдан бастап Дөң КБК  «Молодежная» шахтасында маркшейдер болып жұмыс жасаған. 2014 жылдан бастап Дөң КБК  профком төрайымы  болып тағайындалды. Дөң КБК-ның көрсеткен көмегі балаларға тек қаржылай ған емес, сонымен қатар махаббат пен жылулықты ұялатты.

 

          Избастин Еламан Сержанұлы 

 

1975 жылы 18 тамызда  Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылынның Карл Маркс атындағы орта мектебін бітірген.1997 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Дөң КБК электросварщик болып бастаған. Қазіргі таңда «Али-Жас и К» ЖШС директорының орынбасары және «Хромтау Строй Мастер» ЖШС басшысы болып жұмыс жасайды. Еламан Сержанұлының сыйлаған сыйлығы  мектеп ұжымы үшін үлкен қуаныш сыйлады.

 

№2 Хромтау гимназиясы

 

 

 

           Мулдашева Багдашжан Кадыржановна 

 

1968 жылы туылған, №2 Хромтау орта мектебінде оқыған,  «Хромтау тау-техникалық колледжі» директоры, тарих мұғалімі,  экономист-заңгер. Педагогикалық ғылымдар кандидаты, Халықаралық ақпараттану академиясының корреспондент мүшесі. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Ы.Алтынсарин медалімен, 2014ж «Ерен еңбегі үшін» медалімен,, 2011ж «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды. Облыстық «Білім берудің үздік менеджері - 2016» байқауының Гран-При иегері, «Педагогиканың құрметті профессионары» атағы бар

 

     

 

  Рыскалиева Динара Талгатовна

 

 03.06.1982 жылы Алға қаласында дүнеге келді. 2005 жылы Тараз қаласының «Аулие Ата» университетінің Халықаралық экологиялық-гуманитарлық академиясын экономист-менеджмер мамандығы бойытынша бітірді. №2 Хромтау гимназиясының медцинаты. Үш жылдан бері гимназияға көмек көрсетіп келеді, гимназияның ата-аналар қоғамнының белсенді мүшесі

 

 

 

№4 Хромтау орта мектебі

 

    Исаев Рустем Канапиевич          

 

1975 жылы Хромтау ауданы Дөн ауылында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен 1992-1994 жылдары медучилищесін бітіріп, кейін Актөбе мемлекеттік медициналық академиясының емдеу факультетіне оқуға түсіп 2000 жылы бітірді.  2001 – 2004 жж әскерден өтіп, Отан алдында борышын өтеді.

 

     Еңбек жолын 2004 жылы Хромтау  қаласының орталық емханасында  анестизиолог – дәрігері болып  бастады.  2013 жылы наурыз айында  бас дәрігердің  меңгерушісі болып тағайындалды.

 

2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін  Ойыл  орталық емханасының бас дәрігері болып жұмыс жасады. 

 

2014 жылдың  желтоқсанынан – 2017  жылдың қаңтарына дейін Хромтау аудандық емханасының  бас дәрігері болып жұмыс жасады

 

Бөгетсай мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Калиев Жадигер Абенович, 01.01. 1973 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Бөгетсай селосында дүниеге келген. 1990 жылы Бөгетсай орта мектебін бітірді. 1993 жылы Алматы қаласындағы гидромелиоративный техникумын аяқтады. Қазіргі таңда Хромтау қаласында “Казхром”АҚ ЖСК “Металлург” жұмыс жасап келеді. Мамандығы – металлург. Мектепке  спорттық құрал-жабдықтар сыйға тарту етіп, демеушілік жасады. “Түлек.kz” сайтын ашуға көмек көрсетті. 

 

Дөң орта мектебі

 

      Егизбаев Асылбек Кенесович

 

04. 12.1962 жылы Новоресей ауданының Кредиковка ауылында дүниеге келді. 1978 жылы Дөң орта мектебін бітіріп, Хромтау қаласындағы СПТУ-164 оқуға түсті. 1981 жылы аяқтап, Ақтөбе шаруашылық техникумына оқуға түсті. Әрі қарай ДТКБК-нің «Молодежная» шахтасында жұмыс атқарды. Қазіргі таңда «Керуен» ЖШС бастығы. 2007-2017 жылдар аралығында Хромтау аудандық маслихат депутаты болды. «Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым»  дей отырып, «Туған жерге тағзым» акциясына аясында мектебімізге зор үлесін қосуда.

 

 

 

     Маубасов Ерлан Жетесович 

 

04.07.1973 жылы Хромтау ауданының Дөң селосында дүниеге келді. 1989 жылы Дөң селосының орта мектебін бітірді. 1988-1990 жылдар аралығында  Хромтау қаласындағы СПТУ -9 оқу орнында оқыған. Алматы қаласындағы КАЗНТУ университетінде білім алды. Еңбек жолын ДТКБК-нің ДОФ-2 цехінде бастады. Әрі қарай жеке қожалық шаруашылығын ашып, дамытуда. “Мектепке жол”, “Қайырымдылық” акцияларына зор үлесін қосуда.

 

   Уразымбетов Азамат Серікұлы

 

“Аманат” кафесінің иесі

 

Туған күні: 02.07.1990ж

 

“Аманат” кафесі Дөң ауылының жол бойында орналасқан.  Бірнеше жылдан бері  “Аманат” кафесі өз жұмысын беделді, үлкен жауапкершілікпен атқаруда.

 

2012 жылдан бастап “Аманат” кафесінің иесі Дөң орта мектебінің оқушыларына  “Мектепке жол”, “Қайырымдылық”, “Балаға күлкі сыйла” акциялары  кезінде қол ұшын беріп, демеушілігін көрсетіп келеді.

 

 

 

            

 

      Ибатов Серик Утегалиевич

 

1969 жылы Батыс Қазақстан облысында Лубянка ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Рудный индустралдық институтын тау – кен инженер-электромеханик мамандығы бойынша бітірген. 1986жылы №1 уатқыш фабрикасының жөндеу шеберханасында токарь үйренушісі болып еңбек жолын бастаган. Кеңес Армеясының қатарында қызмет етуден кейін 1987-1989ж «Молодежная» шахтасында еңбек етіп, учаске басшысы лауазымын атқарған. Осы шахтада 18 жыл жұмыс істеген. 2007 жылдан бастап еңбек жолын «Восход -Ориел» шахтасында оқпан менеджері болып жалғастырып, 2015 жылы «Восход Ориел» кен – тау байыту комбинатының бас директоры болып тағайындалып. Қазіргі уақытта 700 адам еңбек ететін кәсіпорынды басқарып келеді. Біз, жалынды жастар ерік – жігерімізбен осы шараға атсалыссақ әр бір азамат үшін мәртебелі  жігер. Осындай акция көптеген  азаматтарымыздың игі бастамаларының бірі. Осындай акция  аясында Ибатов С.У  Дөң орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп берді. Бұл дегеніміз  мақтанарлық жағдай.

 

 

 

Көктау орта мектебі

 

 

 

      Сизиков Александр Васильевич  

 

«АМК» ЖШС-нің басшысы. 1955 жылы 29 қазан айында  Сібірде дүниеге келген. 1977-1982 жылдары  Магнитагорск  тау –кен  оқу орнын бітірген.

 

1982-1994 ж тау кен цехінің  мастері, 1994-1996  рудник басшысы.

 

2001 жылдан бастап    Ақтөбе Мыс Компаниясының  басшысы       

 

Көктау ауылындағы ТОО «Ақтөбе мыс компаниясының» директоры А.В. Сизиков  

 

 

 

 Қазіргі заманда ақпараттық технология талабына сай оқушылардың жан-жақты, терең білім алуына бірден бір себеп интернет желісі. Осыған байланысты Көктау ауылындағы ТОО «Ақтөбе мыс компаниясының» директоры А.В. Сизиковтен мектепке интернет желісін орнатуды өтінген болатын. ТОО «Ақтөбе мыс компаниясының»  директоры А.В. Сизиков мырза мектеп ұжымының тілегін жерге тастамай,  жоғарғы желідегі интернет желісін орнатты.

 

 

 

Нұрлы-көш орта мектебі       

 

          

 

    Ниязов Нурбай Баянасович 1979 жылы 17-наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында,Шетырғыз  ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы, Шетырғыз орта мектебін бітірді. 2000-2012 жыл аралығында Аққұдық селолық округінің «Қайнар» жеке шаруашылық қожалығында механизатор болып жұмыс жасады.

 

       Қазіргі таңда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылында тұрады, Коппер технолоджи компаниясында жұмыс жасайды.

 

 

 

        Байгазин Серикбай Абдуллаевич 1969жылдың 16 қыркүйегінде Ақтөбе облысы, Көктөбе совхозында туылған.1986 жылы Ақтөбе қаласындағы №4 орта мектебін бітірді.1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік мединститутын аяқтады. 2006 жылдан бастап Көктау ауылындағы Ақтөбе Мыс компаниясында дәрігер қызметін атқарып келеді.

 

 

 

Оңғар орта мектебі

 

 

 

 

 

   Суюндыков Сейтжан Егизович

 

Хромтау ауданы  Құдықсай совхозында 8-қаңтар 1972  жылы дүниеге келген.    1990жылы жылы Құдықсай орта мектебін   бітіріп, Рудный қаласына жоғары оқу орнына түсіп, инженер мамандығын алған. Қазіргі таңда    ЖШС  « Восход-Ориел» компаниясында инженер болып қызмет атқарады. Отбасылы,  үш баласы бар.

 

 

 

 

 

 

 

  Нурмуханов Руслан Серикович  07.06.1978 жылы Хромтау ауданының Киров ауылында дүниеге келді. 1995 жылы Киров орта мектебін бітіріп, Ақтөбе Екі мәрте КО Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы  жоғары әскери  авиация училищесіне  оқуға түсті. 1999 жылы  бітіріп, С.Бәйешев атындағы Ақтөбе университетіне оқуға түсіп, 2002 жылы аяқтады.  Қазіргі таңда  «Нұр Отан»  партиясының  Ақтөбе  облыстық филиалының бақылау бөлімінде қызмет жасайды. 

 

Сатпаев орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Мұқамбетжанов Жеткерген Санбайұлы

 

       1969 жылы  9 мамырда   Шалқар ауданында дүниеге келген.   Мұхамбетжановтар отбасында тәрбиеленіп, Айшуақ орта мектебін бітіріп, одан әрі білімін Алматы политехникалық университетін тәмәмдаған.

 

Қазіргі кезде Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тамды ауылындағы «Краснооктябрь тораптық – өңдірістік басқармасының басшысы болып жұмыс жасайды. Сонымен қатар Хромтау қалалық мәжілісінің депутаты.

 

Сәтпаев орта мектебіне ата-ана ретінде де әрдайым демеушілік етеді, сонымен қатар ауылымыздың өркендеуіне өз үлесін қосуда. Атап айтар болсақ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік нышаны»  ескерткішін орнатуға ат салысты.

 

Елім деп жүрегі соғатын, қашан да қолдан келген көмегін аямайтын азаматтың бірегейі.

 

              Табантал орта мектебі                           

 

     Сағындықов Қажымұқан Тыныштықұлы  1967 жылы Хромтау ауданы                Мағаджан совхозында дүниеге келген.1975-85 жылдары Мағаджан орта мектебенде оқыған. 1988 – 93 жылдары Орал қаласындағы  ауылшаруашылық институтында зооветеренария факультетінде оқыған.

 

1994 – 98 жылдары Мағаджан совхозында бас мал дәрігері болып жұмыс жасаған.

 

1998 – 2004  «Геом» ЖШС- де қамтамасыз ету бөлімінде жұмыс жасап, қазіргі таңдағы

 

2005 жылдан бері «Айжарық» ЖШ –нің басшысы болып адал қызмет атқарып келеді. .

 

                  

 

           Тлемисов Нұрбек Зейноллаұлы 1959 жылы ақпан айының 15 жұлдызында Новоресей ауданы  «Мағаджан» совхозында дүниеге келген.

 

1973-75 жылдары Ақтөбе қаласындағы мектеп- интернатта 9-10 класта оқыды.

 

1975-80 жылдары Алматыда ауылшаруашылық институтында

 

инженер- механик мамаңдығын алып шықты.

 

19 83 жылдары Мағаджан совхозының қауыпсіздік инженері қызметін атқарған.

 

1983- 87 жылдары Ақтөбе ауылшаруашылық  техникумінде арнайы пәндер оқытушысы.

 

1987 – 89 жылдары  Жаңажол мұнайөңдіру экспедициясының аға жүргізушісі

 

1989 – 91 жылдары Ақтөбе  ауылшаруашылық бекетінің МТМ- нің меңгерушісі.

 

1991 – 92 жылдары  коммерция шаруашылықтың директорының орынбасары.

 

1992 – 93 жылдары Ақтөбе тәжірибелі бекетінде аға инженер болып қызмет атқарса, қазіргі таңдағы  2003 жылдан  бері «Елім- Табантал» ЖШС –ның директоры болып қызмет атқарып келеді.     

 

  

 

    ҚойшибаевӨмірзақ 1936 жылы сәуір айының 15-ші жұлдызында Мағаджан совхозының Ассай бойындағы 3 –фермада дүниеге келген.

 

   10 жасында мектепке барған, сонан кейін 1952 жылы совхозға жұмысқа орналасқан.  1954 жылы отбасын құрып. 1955 – 1957 жылдары Совет армиясының қатарында болған.  Отан алдындағы борышын өтеп елге оралып, 1964 – 1970 жылдары  совхозда есепші болған . 1971- 1975  жылдары зоотехник қызметін атқарған. 1975 жылдың тамыз айынан 1979 жылға дейін жас шопандар бригадасының бригадирі болған. 1980- 1984 жылдары ферма меңгерушісі, 1985- 1992 жылдары қойшы болып жұмыс жасады.

 

 1993 жылдан бері «Ақай»шаруашылығын басқарып келеді.  «Ақай» жеке шаруашылық қожалығының иесі.  Табантал селосының еңбек ардагері.

 

 

 

Тасөткел орта мектебі

 

           Ташенов Қайрат Қажығалиұлы 1965 жылы Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы,  Көктөбе ауылында дүниеге келген.1982 жылы 10 класты бітіріп,1983 жылдан 1985 жылы әскер қатарында әскери борышын өтеген. 1985-1990 жылдары Батыс Қазақстан  Ауылшаруашылық институтында оқып бітірген. 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейін Көктөбе ауылында Зоотехник қызметін атқарды. 1999 жылдан 2015 жылға дейін Көктөбе ауылының әкімі қызметін атқарды. 2016 жылдан  бастап Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тасөткел селосында әкімдік қызмет атқарады.

 

   
© Хромтау ауданының білім бөлімі