«Тасөткел орта мектебі» КММ туралы ақпараттық анықтама.
Тасөткел орта мектебі 1937 жылы құрылып,1976 жылы жалпы орта білім беретін мектеп болып ашылды. Осы жылдан бастап Тасөткел орта мектебі жұмыс жасап келеді.1997 жылдан бастап Хромтау ауданына ауыстырылды.Оған дейін Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би ) ауданына қарады.2013 жылы 1-кыркүйекте мектеп 60 балаға арналған жаңа мектеп ғимаратына көшірілді. 2014-2015 оқу жылынан бастап «Тасөткел орта мектебі» КММ болып өзгерді. Мектепте 6 оқу кабинеті,1информатика, кітапхана,психолог,мұғалімдер бөлмесі,2 еңбек (ер балалар, қыз балалар)2 медитциналық кабинеттер бар.Сонымен бірге 16 орындықты асхана және спорттық құралдармен жабдықталған спортзал бар.Мектеп аумағында спорт алаңы бар.Мектеп жанында 25 балаға арналған шағын орталық бар.Шағын орталықта 1 ст тәрбиеші,0,5 ст көмекші тәрбиеші,0,25 психолог,0,25 музыкант,0,25 медбике штаттары бар.
Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді:
Мектептегі оқушы саны - 80 /1-11кл/, мектепалды даярлық тобында -25бала білім алуда.
Сынып жиынтығы - 8, мектепалды даярлық тобы-1, бастауыш класс - 4 класс комплект, 5-11 класс - 4 класс комплект
Мектеп директоры: Жолдыбаева Гүлсайран Молдабайқызы
Мектептің кадрлық құрамы:
Мектепте 25 педагогика қызметкері бар.
Педагогикалық қызметкерлердің санаттары:
* Жоғары санатты - 1 ;
* Бірінші санатты – 10;
* Екінші санатты – 9;
* Санатсыз – 5, себебі - жас мамандар.
Жоғары білімді – 16
Арнайы орта білімді – 8
Орта білімді-1(сырттай оқиды)
Ақпараттық- білім беру орталығы және материалдық- техникалық база:
Ғимараттың жалпы көлемі- 940,1 шарш .м.
Кабинеттер саны– 7
Жабдықталған кабинет -1 (физика)
спорт залы - 1
асхана -16 орынға арналған
кітапхана
Мектепте ғаламторға қосылған - 1 компьютер информатика кабинетінде
Электронды мекен-жайы –:tasutkelom13 @mail.ru
Компьютерлердің саны - 19, информатика кабинетінде -15 компьютер, 1 компьютерге 2 білім алушыдан келеді.
Интерактивті тақта – 1(жұмыс жасамайды)
Кітапхана қоры:
Брошюралар мен журналдардың, кітаптардың саны – 1899 дана;
Мектеп оқулықтарының саны – 6826 дана;
Мектепте екі ақылы үйірме жұмыс жасайды.
«Шахмат»үйірмесі- 12 оқушы, «Волейбол» үйірмесі- 15 оқушы.
Ақысыз үйірмелер
Жаратылыстану бағытында физика,математика үйірмелері, гуманитарлық бағытта қазақ әдебиеті пәнінен үйірме және «тоғызқұмалақ» үйірмелері жұмыс жасайды.