Печать
Просмотров: 1211

OTAU-TV спутниктік желісімен қамтамасыз етілген мектептер

Хромтау аудандық білім бөлімі, Ақтөбе облысы білім басқармасының тапсырмасына сәйкес «білім саласы мен медицина ұйымдарын отандық теле-радио хабарландыру қызметтеріне қосылу мен ұлттық сандық хабар тарату аппараттарын жетілдіруді қолдау мақсатында №1 «Күншуақ», №5 «Ақбота», №6 «Ақкөгершін», №7 «Еркетай», №8 «Тұлпар», Көктау «Жұлдыз», Никельтау «Ақбөбек» мектепке дейінгі ұйымдары мен Бөгетсай МГ, Қопа ОМ, Табантал ОМ жанындағы интернат, Тасөткел ОМ жанындағы шағын орталық, Никельтау ОМ, Көктау ОМ, Абай НМ мектептері OTAU-TV жерсеріктік телевизиясымен қамтамасыз етілді. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 2016 жылы Көктау орта мектебіне 1975-76 жылы мектеп бітірген түлектер, Абай негізгі мектебіне 1992 жылы мектеп бітірген түлектер OTAU-TV сыйға тартты.

Сенім телефондары

Сенім телефоны өмірде қиын жағдайда тап болған балаларды, жеткіншектерді және ата-аналарды психологиялық қолдау,оларға жылдам кеңес  беру көмегін көрсету қызметінің бірі, сондай-ақ балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелеріндегі қосымша құрал болып табылады.

 

-Хромтау аудандық  білім бөлімінің  Сенім  телефоны 78-1-76, 

-Облыстық   білім басқармасының  Сенім  телефоны  55-17-92,

-Бала құқығын қорғау Комитетінің  Сенім телефоны 74-25-28

-тәулік бойы жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары бойынша «111»

    

 

                                                                                                  Телефоны доверия

 

 «Телефона доверия» бесплатно и анонимно оказывают психологическую помощь детям, родителям, подросткам  помогают абонентам разобраться в себе, мобилизовать собственные ресурсы для выхода из кризисной ситуации, найти свою цель в жизни.

- Телефон доверия Хромтауского районного отдела образования -  78-1-76, 

-Телефон доверия Управления образования Актюбинской области-  55-17-92,

- Телефон доверия Комитета по защите прав детей -  74-25-28

- круглосуточный телефон доверия по защите прав детей Республики Казахстан «111»

 

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»

     Хромтау адандық әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес ХІІ Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өткізілді.Олимпиадаға аудандық білім беру ұйымдарының  3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар педагогтар қатысты.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, қолдау, педагогикалық идеяларын айқындау, өз бетімен іздену арқылы біліктілігін, әдістемелік шеберлігін жетілдіру.

Олимпиада 5 бағытта өткізілді.Әр бағыттың өзіндік бағалау критериялары қарастырылды. Жас мамандар байқауға дайындықпен қатыстырылып, өзін- өзі таныстыру презинтациясы, жоба қорғау, эссе жазу, тест тапсырмаларын орындау, талқылау сұрақтарына жауап берді.

    «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озар» дегендей жас мамандар арасынан    №5 ХГ технология пәні мұғалімі Калмуратов Ж.С 1 орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.

Болашақ жас маманға бағындырар шыңдарың көп болсын демекпіз!

 

 

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша іс- тәжірибе алмасу» тақырыбындa өткізілген облыстық әдістемелік семинар туралы анықтама

   2017 жылдың 29 наурыз күні Бөгетсай мектеп-гимназиясында Ақтөбе облысының білім басқармасы, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «Каникулдық мектеп» жұмысының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша іс- тәжірибе алмасу» тақырыбындағы облыстық семинары өтті. Семинарға Хромтау, Қарғалы, Әйтеке би және Ырғыз аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

  Семинар барысында мұғалімдер қазақ және орыс тілінде жүргізілетін бастауыш класс мұғалімдерінінің секциясы  болып бөлініп, жеке аудиторияларда жұмыс жасады. Мұғалімдер сауат ашу, мате матика, жаратылыстану  пәндері бойынша  жүргізілген әдіс- тәсілдерімен бөлісті.

  І секция: Қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш класс мұғалімдерінің секциялық жұмыстарда  Ақтөбе қаласы Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімдері Қожабек М.Ш., Есеева Т.Н., «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында, «Оқушыларды өмір бойы білім алуға дайындаудағы жобалық жұмыстың маңызы» тақырыбында Новый орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Турганбаева М.Т іс-тәжірибиелерімен бөлісті.

  Панорамалық сабақтар топтамасында Хромтау ауданының мұғалімдері жұмыстарын көрсетті.  Жаратылыстану пәні бойынша Сарысай орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Аманбаева Б.А, қазақ тілі пәні бойынша Бөгетсай мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Каналина Ж.А, математика пәні бойынша Қопа орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Бердалина Н.Н іс-тәжірибелерімен бөлісті.

  ІІ секция: Оқыту  орыс тілінде жүргізілетін бастауыш класс мұғалімдерінің секциясында Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімдері Штукина О.А.,Мирук Т.Н., Хайченко М.В. «Особенности командного преподавания» және «Особенности преподавания в начальной школе в условиях содержания образования» тақырыптарында іс-тәжірибиелерімен бөлісті.

Семинардың жабылу салтанатында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

 

 

Республикалық «Зерде» шығармашылық жоба байқауының жеңімпаздары

                                                      

                                                            «Дарынды, жас талапты   жастар –                          

                                                       бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы»

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

        Хромтау аудандық білім бөлімі бойынша  1- 7 кластар аралығында өткізілген «Зерде» шығармашылық жоба байқауында  аудандық, облыстық  жүлделі бас бәйгені иеленген Қопа орта мектебі мен №4 Хромтау орта мектебінің  оқушылары, республикалық байқауға жолдама алып,   нәтижесінде   2017 жыл 17 наурызда Шучинск қаласында өткен  республикалық «Зерде»  шығармашылық  жоба байқауында  Қопа ОМ - 3 класс оқушылары Сейтқұл Райлан мен Ағытаев Тамерлан –  «Экология – валеология» бағытында  «Жұмыртқа» тақырыбын зерттеп, жүлделі І орын иеленсе,  №4 ХОМ -  4 класс оқушысы Абилханова Еркеназ  қазақ тілі бағыты бойынша «Мағжан Жұмабаевтың поэзиялық ерекшеліктері» тақырыбын зерттеп, ІІ орын иеленіп, аудандық білім бөлімінің қоржынына тағы да бір  олжа салып ауданымыздың мәртебесін көтеріп тастады.

   Оқушыларымызға алдағы уақытта талмас шабыт, сапалы білім шыңынан көріне берулеріне  ниет білдіреміз.

 

 

Хромтау аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасы                            Кіші  ғылым Академиясының 21 –ші  облыстық ғылыми – тәжірибелік  конфернециясына білім беру мекемелерінен қатысқандығы туралы мәлімет.

 

        Ақтөбе қаласында  2017 жылы  26 наурызда өткен  Қазақстан Республикасы  Кіші  ғылым Академиясының 21 –ші  облыстық ғылыми – тәжірибелік  конференциясында төмендегі кесте бойынша білім беру ұйымдарынан жалпы - 70 оқушы қатысып, оның ішінде - 31 оқушы, жүлделі орындар иеленді.

 

Мектеп

Қатысқан оқушы саны

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

грамота

Орын алған

Сапа

1

№6 ХГ

  8

-

1

3

1

5

62%

2

№4 ХОМ

42

3

3

6

5

17

40%

3

Бөгетсай МГ

12

 

 

2

 

2

17%

4

№2 ХГ

4

1

 

3

 

4

100%

5

№3 ХОМ

3

 

 

1

 

1

33%

6

Дөң ОМ

2

2

 

 

 

2

100%

 

Барлығы

70

6

4

15

6

31

44%

  

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жылдың 14-15 мамыр күні ҚР КҒА БҚ бөлімінің 43-ші Республикалық деңгейіндегі ғылыми –тәжірибелік конференциясына қатысуға  І - ІІІ диплом жүлдегерлері  жолдама алды.

     20017 жыл 27 наурызда Ақтөбе қаласында, Жастар сарайында жабылу салтанаты өтті, сараптама бойынша №4 Хромтау орта мектебі  көп жұмыс ұсынған мектептер қатарына кірді, соған орай директордың м. а  Бимурзин А.С. құрмет грамотасымен марапатталып, ауданның білім беру ұйымдарының төмендегі оқушылары жетекшілерімен марапаттау рәсіміне қатысты.

 

Жүлделі орын алған оқушылар:

№6 ХГ – 9 оқушы

1.Буккарина Аружан 8 «ә» білім алушысы  ІІ орынды иеленді.Жетекшісі Темирбаева М.Д

Бағыты:математика

2.Мұхамбетәлі Аслан және Турехан Дана  10 «а» класс білім алушылары ІІІ орын. Жетекшісі: Қыдырова А.С

Бағыты :экология

3.Ибраим Дана 10 «а» класс  білім алушысы ІІІ орын. Жетекшісі: Қыдырова А.С

Бағыты: Медицина,валеология, психология.

4.Нұрділда Наргиз  10 «а» класс білім алушысы ІІІ орын. Жетекшісі:Райымбаева М.

Бағыты:экология.

5.Мусина Аяжан   10 «а» класс білім алушысы мақтау қағазымен марапатталды.Жетекшісі: Қыдырова А.С

Бағыты: экология

6.Құдайбергенова  Әсемгүл  10 «а» класс білім алушысы.Жетекшісі: Курманова К.С

Бағыты:физика.

7.Өтеміс Таңшолпан  8 «а»  класс білім алушысы.Жетекшісі: Қыдырбаева Б.

Бағыты: адам, қоғам,құқық.

8.Қонысбаева Жібек  6 «а»  класс  білім алушысы.Жетекшісі: Жаржанова Ж.К.

Бағыты: информатика.

9.Абсадық Ақарыс6 «а» класс білім алушысы .Жетекшісі: Молдагулова А.З

Бағыты:ағылшын тілі.

 

№4 ХОМ – 15 оқушы

1.     Луговая Анна, 11 класс- 1 дәрежелі диплом, мәдениеттану секциясы.

2.     Яременко Анастасия, Разакбергенова Назерке 11 класс -1 дәрежелі диплом, математика секциясы.

3.     Топчий Владимир,10 класс-2 дәрежелі диплом, орыс әдебиеті секциясы.

4.     Альмулдаева Амина,8 класс-2 дәрежелі диплом, биология сециясы.

5.     Мырзатаева Райымгуль, 11 класс-2 дәрежелі диплом, қазақ тілі секциясы.

6.     Сарман Венера, 10 класс, Агеева Мария, 11 класс-3 дәрежелі диплом. тарих секциясы.

7.     Буркиталиева Айда,10 класс- 3 дәрежелі диплом, орыс тілі секциясы.

8.     Альжанова Арина, 8 класс-3 дәрежелі диплом, мәдениеттану секциясы.

9.     Туленбаева Дильназ, 7 класс-3 дәрежелі диплом, валеология секциясы,

10.                       Кульмуханов Еркебулан, 10 класс-3 дәрежелі диплом, биология секциясы.

11.                       Салаватуллина Валерия, 11 класс- грамота, Адам.Қоғам. Құқық секциясы.

12.                       Жумабаева Лаула, 10 класс-грамота, орыс әдебиеті.

13.                       Хасенов Рахым, 6 класс-грамота, мәдениеттану секциясы.

14.                       Жаулыбаев Нурбек, 8 класс- грамота, өлкетану секциясы.

15.                       Трошин Александр,5 класс-грамота, валеология, медицина секциясы.

 

 

 

Бөгетсай мектеп-гимназиясынан – 2 оқушы.

1.Әбіалы Жұлдыз және Асауғалиева Гүлзат  тарих секциясында ,жүлделі  ІІІ орынды

 

 

№2 ХГ – 4 оқушы.

1. Адам, қоғам, құқық  секциясы бойынша 10-класс оқушысы Андагул Гульмира қатысып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2. Орыс әдебиеті  секциясы бойынша  7-класс оқушысы Фраер Анастасия  қатысып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

3. Тарих секциясы бойынша 9-класс оқушылары Аралбаева Аружан және Колесникова Ксения  қатысып, 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

№3 ХОМ -1  оқушы.

1.Князбаева Гүлбақыт  -  9-сынып оқушысы  Валеология секциясы бойынша жоба тақырыбы «Газдалған сусындардың адам ағзасына зияны» ІІІ орын иеленді.

  Дөң орта мектебі – 2 оқушы.

Азретқали Алпамыс, Кенесов Мирхат 8 класс оқушылары Физика секциясы бойынша «Робот техникасының ғажайыптары» І дәрежелі дипломға ие болды. 

 

   Болашақта білім беру мекемелерінің ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, биік шыңдарды  бағындыратын ұрпақ тәрбиелеулеріне тілек білдіреміз!

Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті әріптестер!

      Сіздерді  Ұлыстың  ұлы күні – Наурыз мерекесімен

шын жүректен құттықтаймыз!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды

айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге,

әрбір шаңыраққа құт – береке, ырыс-несібе,

 бақыт пен молшылық әкелсін!

Әр істе табыстан табысқа жете берулеріңізге

тілек білдіре отырып, егеменді еліміздің игілігі үшін

жасап отырған еңбектеріңіздің табысты болуына

сәттілік тілейміз! Еліміз еңселі болып, асқаралы

асуымызға абыроймен жете берейік!

 

Ізгі ниетпен,

«Хромтау ауданының психологиялық-

педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-сі

Хабарлама

№6Хромтау гимназиясының 10-сынып білім алушысы Серикова Аида 15 наурыз күні ақтөбе қаласында №10 орта мектепте өткен  республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінде жоғары білімі мен шығармашылық қабілетін танытып жүлделі І орынды жеңіп алып байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Аида байқау ережесіне сәйкес төрт бағыт бойынша бәйгеге түсті. Бірінші бағыт, ақынның бір өлеңін жатқа оқу бойынша «Бұлақ басында» өлеңін мәнерлеп оқыды, екінші, Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығынан бір туынды бойынша шығарма немесе талдама жұмысын ұсыну бағытында «күйші» поэмасының тақырыбын, идеясын ашып мазмұндық, құрылымдық талдау жасады, үшінші бағытта өзі де ақындыққа жаны құмар оқушы өз шығармашылығынан бірнеше өлеңін қазылар алқасына ұсынып, ішінен бір өлеңін мәнерлеп оқып берді, ал төртінші бағытта автордың «Жолдастар» романынан үзінді мәнерлеп жатқа оқыды. Аиданың осындай бәйгеде «Жүзден - жүйрік»  болуына бірден бір себеп болған, оны дайындап қосқан пән мұғалімі, гимназияның жоғары санатты тәжірибелі маманы Даутова Гүлмира Жұбанқызының да еңбегі шексіз екені айдан анық.

                                       

 

«Үздік тарих мұғалімі - 2017»

Әрбір адамның өз өмір жолы бар. Бұл жолды өзі таңдап,өмір бойы сол жолмен жүріп отырады. Өмір – бұл кітап , әрбір ашылған беті жаңалыққа және тосын сыйға толы. Әр беті - ой санамыздағы қажетті және жалпы «сана, мейірім және мәңгілік» секілді ұғымды білдіретін адамның жан дүниесінің бір бөлігі.

Фраер Ирина Ивановна – №2 Хромтау гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Мектеп - оның екінші үйі. Әр уақытта ол өзгелерді, оқушыларды пәніне деген қызығушылықты көрсете алатын өз ісінің шебері екендігін дәлелдеп отырады.

Облыстық  «Үздік тарих мұғалімі - 2017» конкурсына қатысу арқылы өз ісінің қас шебері екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты. 1 дәрежелі диплом – бұл еңбегі үшін марапат.

Осы конкурсқа қатысу – бұл ұстаз үшін тағы бір жарқын жолдың ашылуы болып табылды. Ол тағы бір мәрте өзгелерге өз ісін жан тәнімен сүйетіндігін дәлелдеп берді.

 

Республикалық  ғылыми-жоба байқауы 

       Ақтөбе облысы бойынша  Республикалық  ғылыми-жоба байқауы Алматы қаласында 2017 жыл 14-17 ақпан аралығында өтті. Хромтау ауданынан 2 оқушы қатысып , жүлделі 1, 2 орын иеленді.

     «Хромтау аудандық білім бөлімі» ММ-не қарасты «№6 Хромтау гимназиясы» КММ-ің 11- класс оқушысы тарих бағыты бойынша Ақшатай Арайлым 1 орын, «№4 Хромтау орта мектебі» КММ-ің 11 класс оқушысы Салаватуллина Валерия орыс тілі бағыты бойынша 2 орынға ие болды.

          

 

     Кәсіби бағдар беру кеші