Печать
Просмотров: 1001

 

                   «Туған жерге тағзым»  акциясын жүзеге асыру туралы

 

   «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Оңғар орта мектебінде  наурыз  айының алғашқы сенбісінде «Туған жер еш нәрсе жоқ, сенен ыстық Себебі, сенде туып,сенен ұштық»  атты әдемі  әдеби әуенді музыкалы кездесу кеші өтті.  Кешке білім ордасын осыдан 10 және 20,30 жыл бұрын бітірген түлектер  мен мектеп басқарған басшылар,  ардагер ұстаздар  мен «Дөң»  округінің  әкімшілігі мен аудандық білім бөлімінің басшысы  Г.Е.Калиева , ауыл  ақсалдары  шақырылды. Алтын ұя мектебіне үлкен сағынышпен  оралған түлектер өздерінің он жыл бойғы парталарына отырып, мектептің ішін аралап,  саяхат жасады.Түлектерге оқушы кезіндегі суреттерінен слайд, мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама көрсетіліді.

 

  Мектебіміздің  түлкетері  Ақтөбе облыстық ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Е.К.Хайруллин  мен ЖШС «Восход-Ориел» компаниясының  жұмысшысы  М.Токбаев түлектер атынан спорт құралдарын алып беруге уәде берді. Медетовтар мен Даутовтар отбасылары бағасы 30мың теңге тұратын құмырадағы гүлдерді сыйға тартты. 20 жылдық түлектердің атынан  Г.Исмагулова, Ә.Жолмағамбетова, В.Бегентаева   ,К.Адылова « Отау ТВ антеннасы»  мен 50 мың теңгеге «Сертификат» табыстады.

 

Сонымен қатар мектеп бітігендеріне  9, 10,12, 16,  17, 30,  жыл болған мектеп  түлектерінің атынан  Э.Айткожин,  А.Мырзаханов , М.Нугыманова, Жанпейсова М ,  М.Жангужин, .Қалабаев,Ж.Жоламанов, Е.Алпамысов ,  В.Бурбаев пен А.Сержанова  320 мың теңгеге "Сертификат" табыстады, Ж.Даутова ардагер ұстазымыз  5 мың теңге ақшалай сыйға берді. Барлығы 400 мың теңгені құрады.